Пятница, 17.05.2024, 15:15
Приветствую Вас Гость | RSS

Мини-чат
200
Наш опрос
Какое животное ты бы взял к себе жить?
Всего ответов: 111
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Блог

Главная » 2012 » Февраль » 27 » «Мың алғыс саған, ӘЛІППЕ!» "Прощание с букварём"
22:07
«Мың алғыс саған, ӘЛІППЕ!» "Прощание с букварём"
23 февраля 2012 года в ГУ Ушановская СШ состоялся праздник «Мың алғыс саған, ӘЛІППЕ!» "Прощание с букварём" - Сынып: 1в
 
Подготовили мероприятие - Мұғалім 1в сынып- Тююрбаева Жадыра Кабдрахмановна және музыка мұғалім Шаламова Елена Владимировна.
 
Тақырыбы: «Мың алғыс саған, ӘЛІППЕ!»
 
Өтілу барысы:
 
Мұғалім: Қайырлы күн құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! «Мың алғыс саған, ӘЛІППЕ!» атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер! Бүгінгі күні біз үлкен белесті артта қалдырдық. Алғаш қолымызға алған, сауатымызды ашқан құтты, әліппе, оқулығымен қоштасып, алғысымызды айтып, салтанатты түрде шығарып салмақпыз.Ендеше мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
 
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға...
 
(Ортаға қол ұстасқан оқушылар шығады.)
 
(Музыка  - вход детей)
 
Мұғалім: Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не ?
 
Оқушылар: Ол, сүйікті Әліппе !
 
Мұғалім : Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық !
 
Оқушылар: Әліппе ! Әліппе ! Әліппе !
 
Әліппе: (под музыку входит букварь)
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата –ана !
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік Қане, ортаға салайық !
 
 
Мұғалім: Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз. Біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
 
Ән: «Әліппе»
 
 
(Әуен қосылып, ортаға білім ханшайымы шығады.)
 
Мұғалім: Амансыз ба білім ханшайымы.
 
Білім ханшайымы: Амансыңдар ма, жамағат! Байқаймын менің кенже балам әліппемен қоштасып жатыр екенсіңдер. Мен сендердің әліппеден алған білімдеріңді тексерейін деп келдім. Дайынсыңдар ма? Ендеше сұрағыма жауап беріңдер: Әліппенің атасы кім? (А. Байтұрсынов)
 
Дауысты дыбыс дегеніміз қандай дыбыстар? Ал, мына сөзді оқып беріңдерші. (Мұғалім)
 
 
Осы сөзді қатыстырып кім сөйлем құрап бере алады? Жарайсыңдар, балалар. Білімді екенсіңдер. Сендер өз ұстаздарыңды тыңдап, тәртіпті, үлгілі оқушы болыңдар, жарай ма? Қош сау болыңдар.
 
 
 
Мұғалім: : Қане, балалар, Әліппеге арнаған қандай өлеңдерің бар, айтып берейік.
 
Әйгерім:
Ата-апа атын сен,
Бізге үйреттің,
Әліппе Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті.
 
Марқұлан:
Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
 
Бекжан:
Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе. .
 
Дарияна: Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым.
Бірге жүрген қасымда
Кітап болды сыңарым
 
 
Ғалым:
Іші толы әріпке
Мынау әйбәт Әліппе.
Барлық ілім-білімнің
Әжесі осы Әліппе.
 
Асылжан:
Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңі сәуле жарықпен
 
Аружан:
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
 
Бекзат:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
 
Мұғалім:
Таңымызды жақсылықпен атырсақ,
Жамандықты қара жерге батырсақ.
Көңіл күйді шар тарапқа жеткізіп,
Мың бұралған бишілерді шақырсақ.
 
Қара жорға биін барлық қазақ баласы білуі тиіс, сондықтан біз де шамамызға қарай қара жорға биін тарту етеміз. Қабыл алыңыздар.
 
 
(Ортаға математика ханшайымы шығады. )
 
Ол:
Пай-пай-пай, не деген керемет бишілер.
Мерекелерің құтты болсын!
 
Мен, математика ханшайымы, сендердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңді тексергелі келдім. Ойланып барып, шешіңдер.
 
- 1. Оң қолымда 5 алма,
Сол қолымда 5 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма ?
 
- 2. 5 алманың үшеуін ,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады ?
 
 
 - 3. Сымда 5 үйрек отыр еді, екеуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады ? Жарайсыңдар, сендер балалар, алғашқы бағаларыңды ала бастадыңдар, сондықтан баға туралы түсінік бере кетейін.(Шарларды көрсетеді.)
 
- 1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
 
- 2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
 
- 3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
 
- 4 дегенің жақсы баға ,
Алады оны жақсы бала.
 
- 5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
 
-Балалар, ең жаман бағалар қайсы екен ?
 
-Ендеше бұл бағаларды ортамыздан аластатайық .
(шарларды лактырады.)
 
-Ендеше , ең жақсы бағалар қайсы екен ?
 
-Әрине ол, 5 пен 4. Ендеше ол бағаларды орталарыңа алып, жақсы баға алыңдар!Сау болыңдар.
 
Мұғалім:
Сіздердің алдарыңызда бірінші сынып олқушылары «Мақта қыз» ертегісін сахналап бермек, назар салыңыздар.
 
 
М: балалар, әліппеге алғыс айтып, шығарып салайық.
 
Бірге: Мың алғыс саған, ӘЛІППЕ!
 
Мұғалім: - Балалар, сендер « Әліппені »бітірдіңдер.
Ендігі сендердің жаңа достарың
Ана тілі оқулығы болады.
Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.
 
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-ұраным
Ана тілім-құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Амансыңдар ма, балалар.
Ендігі уақытта сендер менімен достасатын боласыңдар. Мені сүйіп оқыңдар, ақылды болыңдар.
 
 
Бірге ән орындайды. «Мұғалім ол біздің»
 
Мұғалім: Біздің осындай дәрежеге жеткенімізде ата-аналарымыздың еңбегі зор. Балаларыңыздың бақытты балалық шағын қалыптастыруда қосқан үлестеріңіз үшін, сіздерге Ғалым «Ата, әже» әнін арнайды. Қабыл алыңыздар.
 

 
Ойын: Балалар ата-аналарыңның сендерге арнаған сыйлықтары бар, сол сыйлықтарды ойын арқылы алсақ. Орындыққа бір бірлеп қойылады.Музыка тоқтаған кезде кім алады, сол ойыннан шығып отырады.
 
(Звучит весёлая музыка для игры)
 
Мұғалім: Құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі. Құттықтау сөз мектеп әкімшілігіне беріледі.
 
 
М: Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын.
Тәуелсіздігіміз баянды болсын ! Келесі жүздескенше аман сау болыңыздар.
 
 
Просмотров: 1853 | Добавил: Shalamova | Теги: Әліппе., Прощание с букварём, праздник | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Вход на сайт

Поиск
Календарь
«  Февраль 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829
Рейтинг@Mail.ru