Пятница, 17.05.2024, 14:14
Приветствую Вас Гость | RSS

Мини-чат
200
Наш опрос
Какое животное ты бы взял к себе жить?
Всего ответов: 111
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Блог

Главная » 2012 » Март » 17 » Менің анам алтын! - 0б сынып
17:52
Менің анам алтын! - 0б сынып
1 Марта  в ГУ Ушановская СШ состоялся праздник "Менің анам алтын!" для 0б класса.

Праздник подготовили: воспитатель и музыкальный руководитель - Шаламова Елена Владимировна.

Менің анам алтын!

Жүргізуші: Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз! Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілі – көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен, қымбатты әйелдер, 8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Жүргізуші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық!
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық!

Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
Аналар, құтты болсын мерекеміз!
Әрқашан аналарым аман болса
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!

Құрметті ата – аналар енді бір сәт балаларыңыздың жылы лебіздеріне құлақ түрейік.

Залға музыка әуенімен балалар кіреді 01.Песенка мамонтёнка вход

Құрметті асыл Аналар, қыздар,қадірлі ұстаздар!

Мерекелеріңіз құтты болсынІ

Зор денсаулық ,ашық аспан,мол бақыт тілейміз.


Күндей жарқырап, гүлдей құлпырып жүріңіздер.
Ауырмаңыздар,сырқамаңыздар. Әрқашан жанымызда болыңыздар.

еркелігімізді кешіре білетін аналар бүгінгі ертеңгілігіміз сіздерге арналады.


Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құтықтаймыз мейрамыңмен,
Аяулы біздің аналар.

Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.

Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күн-шуақ,
Бізге қымбат Анашым.

Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын жақсы адам.


Ән: «Анашым» 02



 

Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім ап келді.
Қуантшы күнде енді,
Құттықтаймын сіздерді.
Би: «Лялька» 03


 

Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән, беретін гүлім дайын
Әжетай сені жақсы көремін деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Ән: «Аяулы анашым».(Милая мама моя) 04


 

Алуа: Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

Көрініс: «Үш ана»
Ортаға үстел қойылады. Айналасына үш орындық, үстел астында қуыршақ жатады.
Қатысушылар:
Жүргізуші
Қыз-
Анасы –
Апа-
Жүргізуші: Ойыннан келген Мадина
Қуыршағын іздеді
Астынан үстелдің тапты да
Хал сұрауды көздеді
Қыз: Қызым менің қалайсың
Томсырайып қарайсың
Қарның ашып отырмай
Тамақ ішсең жарайсың
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың
Отыр кәне қасыма
Тамақтанып аласың (қуыршағына тамақ береді)
Жүргізуші: Мадинаның осы сәт
Анасы үйге кіреді
Тағат тапай қызының
Қалын сұрап біледі.


 


Ана : Мадинажан бүгін сен
Тамақ ішіп көрдің бе
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде сағат ұмытпай
Тамағыңды іш деймін
Тіл алмайсың қырсығып
Осы сені не істеймін. (Қызының қасына тамаққа отырады)

Жүргізуші: Анасының артынан
Аптығып әже кіреді
Ол дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.

Әже: Айналайын алтыным!
Шаршадың ба жарқыным?
Ішпедің – ау тамақта,
Жайын ойлап жалпының

Қарашығым, қарағым
Түсіңкі ғой қабағың
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалдау тамағың (қызының қасына отырады)

Жүргізуші: Аналардың елжіреп
Ет бауыры барады
Әрқайсысы сұқтанып
Өз қызына қарады

Бәрі бірге Қандай қиын, қараңдаршы
Қырсық мінез бала болу
Бәрінен де оңай емес
Білсеңіздер ана болу.


Би: «Қолшатырмен билеу» 05


 

Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Мерекеде қыздарға,
Достық жырын арнаймыз.
Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Алуа кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.

 

Алар дәйім, «бестігін»,
Аққұба қыз кескінің.
Орта бойлы Қарақат
Ақылды деп естідім.

Ыңғайы көңіл-күйінің,
Келгенде байқап бейімін.
АйтарымызЕльжанна
Еркесі ғой үйінің.

Ай секілді өзі де,
Сыңғыр-сыңғыр сөзі де.
Аяулымның өзі де,
Әдемі ғой көзі де.

Ойын: «Гүл сыйлау» 06




Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын мамашым.

Ән: «Ақ мамам» 07




Өмір берген анам қымбат
Бақытты балалық шақ қымбат
Бейбіт өмір қымбат
Сәби тәтті сезім қымбат Музыкамен
Балалар аналарына сыйлықтарын таратып береді

Памятное фото:


 

Просмотров: 3828 | Добавил: Shalamova | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Вход на сайт

Поиск
Календарь
«  Март 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Рейтинг@Mail.ru